Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде тараған видеодан кейін басы дауға қалған Риддер әкімінің орынбасарына қатысты тәртіптік іс қозғалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әсем Ағажаева
Әсем Ағажаева. Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

Желіде Риддер қаласы әкімінің орынбасары Әсем Ағажаеваның видеосы тараған болатын. Видеода шенеунік Риддерге блогердің келгенін баяндап отырып, соңында бейәдеп сөз айтып қалады. Бұл видеодан кейін оған қатысты тәртіптік іс қозғалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Риддерге блогер келіп, қала туралы бірнеше ролик жариялаған. Солардың бірінде қала әкімінің орынбасары Әсем Ағажаеваның қызметінен өз еркімен кетуі қажет екені айтылады.

Осыдан кейін шенеунік велосаяхатшымен болған жайт туралы өз нұсқасын айтып, видео жариялаған. Видеоның соңында ол бейәдеп сөз айтып қалады. Бұл видео желіде таралып кеткен.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Эльнар Тұрсынқановтың айтуынша, резонанс тудырған видеодан кейін шенеунікке қатысты тәртіптік іс қозғалған.

"Тәртіптік іс қозғап, оны кеңсеге шақырдық. Риддер әкімдігінен Әсем Ағажаева денсаулығына байланысты демалыста деген хат келді. Оның да кез келген адам сияқты бұған құқығы бар. Біз оның еңбекке жарамсыздық мерзіміне байланысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтаттық. Жұмысқа шыққанда біз міндетті түрде қызметтік тексеруді жалғастырамыз", - дейді ол.

Айта кетейік, Әсем Ағажаева 2022 жылғы ақпан айынан бастап Риддер қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2038202-zelide-taragan-videodan-keiin-basy-dauga-qalgan-ridder-akiminin-orynbasary-asem-agazaevaga-qatysty-tartiptik-is-qozgaldy/