Шымкент қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының ТЖД басшылары тағайындалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомШымкент қаласының ТЖД басшысы болып Қуанар Базарбаев, Шығыс Қазақстан облысындағы ведомствоның басшысы болып Ерғали Бахаев тағайындалды. Бұл туралы ведомстволардың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған генерал-майор Қуанар Базарбаев Шымкент қалалық ТЖД бастығы болып тағайындалды.
Азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев азаматтық қорғау органында 1992 жылдан бастап қызмет етуде. Еңбек жолын өрт сөндірушіден бастаған.
1994-2000 жылдары инспектор, кезекші өрт сөндіру қызметінің басшысы, Петропавл қаласы, күзет бекетінің бастығы болып жұмыс істеді. 2000-2005 жылдары-Петропавл қаласы, өрт сөндіру бөлімдерінің бастығы.
2005-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы болып жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары - Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2015-2020 жылдары – Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2020-2023 жылдары – Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып Ерғали Бахаев тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі штаб басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Жаңа басшыны ұжымға Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды. Ол Ерғали Бахаевты төтенше жағдайлар жүйесінің ерекшеліктерін білетін тәжірибелі, білікті маман ретінде сипаттады.
Ерғали Бахаев 1973 жылы Түркістан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген.
1998 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етіп келеді.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімінің авариялық-құтқару взводының командирі болып бастады. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар қызметінде қызметін жалғастырып, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар қызметі бастығының орынбасары болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2038833-symkent-qalasy-zane-sygys-qazaqstan-oblysynyn-tzd-bassylary-tagaiyndaldy/