"28 жыл мемлекеттік қызметтемін": Павлодар облысының экс-әкімі ӘМСҚ басшысы болуына қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін мәжіліс кулуарында Павлодар облысының бұрынғы әкімі Әбілқайыр Сқақов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әбілқайыр Сқақовқа медициналық тәжірибесінің жоқтығы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқаруға қиындық тудырмай ма деген сауал қойылды.
"Менің мемлекеттік қызметте жүргеніме 28 жыл болды, тәжірибем бар – облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығында 2,5 жыл жұмыс істедім, кейін әкім болып тағайындалғаным ковид пандемиясымен тұспа-тұс келіп қалды, сол кезде коронавирус індетімен күресіп, тәжірибе жинадым", – деді Әбілқайыр Сқақов.
Оның айтуынша, қор – көбіне денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырумен айналысатын қаржы институты.
Сқақовтың пікірінше, оның бұл тәжірибесі Денсаулық сақтау министрлігімен, медициналық қауымдастықпен және сарапшылармен бірлесе отырып, денсаулық сақтау саласындағы барлық мәселені шешуге бағытталған нақты жоспарды құруға мүмкіндік береді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2040147-28-zyl-memlekettik-qyzmettemin-pavlodar-oblysynyn-eks-akimi-amsq-bassysy-boluyna-qatysty-pikir-bildirdi/