Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазір аздап сөйлеймін": Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Игорь Лепеха
Игорь Лепеха. Фото: t.me/KZgovernment

Бүгін үкіметте өткен брифингте Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха қазақ тілін қаншалықты жақсы білетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен қазақша үйреніп жүрмін. Қазір мен аздап сөйлеймін. Қызметтік құжаттарды оқи аламын. Баяндаманы (мемлекеттік тілде – ред.) жасай аламын", – дейді вице-министр.

Дегенмен Игорь Лепеха қате жіберіп қоюы мүмкін екенін ескеріп, сұрақтарға қазақша жауап бермейтінін атап өтті.

"Бірақ үйреніп жатырмын және қызметкерлерімізді де ынталандырудамын. Мен біздің барлық жиналыста қолымнан келгенше қазақша сөйлеуге тырысамын", – дейді Игорь Лепеха.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қазақ тілін белсенді түрде үйреніп жатқанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2041368-qazir-azdap-soileimin-iski-ister-ministrinin-orynbasary-igor-lepexa-qazaq-tilin-uirenip-zurgenin-aitty/