Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда тұрғын үй құрылысы жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Жарияланған күні:

Жаңа тұрғын үй
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласы тұрғындарының саны артуы тұрғын үй мен жер телімдеріне деген сұраныстың еселеп артуына себеп болып отыр. Осыған орай шаһар аумағындағы алқаптарға инфрақұрылым тартып, оларды тұрғын үй құрылысына дайындау жұмыстары қарқынды жүруде.

Соның бірі – А.Асқаров көшесінің соңындағы тұрғын алқабына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Жоба бойынша тұрғын алқапты толық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2 кезеңмен жоба дайындалған. Бүгінгі таңда тұрғын алқапты электрмен, сумен және газ желісімен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған.

Биыл алқапта 5 қабатты 16 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталуда. Қыркүйек айына жұмыс қарқынын жылдамдату үшін аванстық төлемдер төленіп, уақытша қоршау орнатылып, 14 тұрғын үйдің қазаншұңқырларын қазу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ тұрғын үйлердің заманауи сәулеттік келбетін сақтау мақсатымен сыртқы қасбетін және шатыры ауыстырылған. 2024 жылға аталған тұрғын алқапқа қосымша 30 тұрғын үй салу жоспарлануда.

Сол секілді Хамукат тұрғын алқабын электр және газ желісімен қамтамасыз ету бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бүгінгі таңда ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – "СМУ-Шығыс" ЖШС. Келісім-шарт құны – 675 млн теңге. Мемлекеттік құрылыс саласындағы келісім-шартқа сәйкес, нысанның құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.

Бұдан бөлек Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапқа оңалту орталығын салу жұмыстары да бастау алған болатын. Бұл жұмыстқа жауапты деп танылған "Qaratau Construction" ЖШС өндірістік кестеден артта қалуына және өз міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты мердігермен келісім-шарт бұзылып, жобалау-сметалық құжаттамасына ішкі алаңдық желілер мен абаттандыру жұмыстары қосылып, түзетулер енгізіліпті. Бүгінгі таңда "СтройМонтажGroup" ЖШС-мен келісім шарт жасалып, 2023 жылдың 18 қыркүйегінен бастап құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Келісім-шарт құны 252,6 млн теңгені құрайды. Нысанның құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2046297-tarazda-turgyn-ui-qurylysy-zumystary-qarqyndy-zurip-zatyr/