Тоқаевтың тапсырмасы: Қазақстан Палестинаға қосымша көмек көрсетеді
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Бұл мәселе Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен үкіметтік комиссия отырысында талқыланғаны айтылады.
Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді.
Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі.
Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.
Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына 1 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2048200-toqaevtyn-tapsyrmasy-qazaqstan-palestinaga-qosymsa-komek-korsetedi/