"Шынайы отаншылдықтың көрінісі": Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. "Адал азамат" тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар.
Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын.
Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді", - деп жазды президент өзінің Х парақшасында.
БҰҰ-ның ресми сайтының мәліметінше, Халықаралық волонтер күнін БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Волонтер күні жыл сайын 5 желтоқсанда атап өтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2049145-toqaev-xalyqaralyq-volonter-kunimen-quttyqtady/