Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вадим Басин QARMET басшысы болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Вадим Басин
Вадим Басин. Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

QARMET компаниясының (бұрынғы АМТ) жаңа инвесторы Андрей Лаврентьев компанияның бас директоры қызметіне Вадим Басинді қойды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Теміртауда Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев компанияның еңбек ұжымымен кездесу барысында Qazaqstan Steel Group акционері Андрей Лаврентьевті таныстырды.

"Әрине, жаңа меншік иесінің алдында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, жұмысшылардың әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ әлеуметтік жобалардың көмегімен жергілікті қауымдастықты дамытуға белсенді ат салысып, көмектесу сынды маңызды міндеттер тұр", – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Бұл ретте Андрей Лаврентьев Вадим Басинді кәсіпорын қызметкерлеріне QARMET компаниясының бас директоры ретінде таныстырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2049943-vadim-basin-qarmet-bassysy-boldy/