Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік министрлігі гуманитарлық көмек туралы ақпаратта қате кеткенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Гуманитарлық жүк. Көрнекі сурет
Гуманитарлық жүк. Көрнекі сурет. Фото: MOHAMMED ABED/AFP via Getty Images

Көлік министрлігі 100 бюджеттік бағдарламасы туралы ақпаратты орналастыру кезінде болған техникалық қате бойынша түзету енгізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның Telegram-арнасындағы мәлімдемеге қарағанда, Көлік министрлігі "Ашық бюджеттер" порталында 2023 жылы гуманитарлық көмек көрсетудің көлік шығындарын өтеу бөлігінде 310 341,9 мың теңге көлемінде қаражат бөлу туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше жағдайлар резерві есебінен іс-шараларды өткізу" 100 бюджеттік бағдарламасы бойынша ақпарат орналастырған.

Оның ішінде, Тәжікстан Республикасы - 77 342,8 мың теңге; Ауғанстан Ислам Республикасы - 216 063 мың теңге; Қырғыз Республикасына - 16 936,1 мың теңге.

"Порталда жарияланған көлемді ақпаратқа байланысты техникалық сипаттағы қате болған. Атап айтқанда, бюджеттік бағдарлама бойынша мың теңге болып көрсетілуі тиіс сомалар теңге болып көрсетілген. Министрлік аталған порталда тиісті түзетулерді енгізіп жатыр", - делінген мәлімдемеде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2052589-kolik-ministrligi-gumanitarlyq-komek-turaly-aqparatta-qate-ketkenin-malimdedi/