Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ұшақтан гүлмен қарсы алуға, аста-төк дастарқан жаюға тыйым салғаны рас па

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Ресейге жасаған ресми сапарында
Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Ресейге жасаған ресми сапарында. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне көлемді сұхбат берді. Онда ол журналист Дихан Қамзабекұлының президентке жасалатын айрықша рәсімдер туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Президент ретінде алғаш рет ел аралауға шыққанымда, әкімдер салтанатты шаралар ұйымдастыруға, көл-көсір дастарқан жаюға, билбордтар орнатуға тырысты. Қазір мұның бәрі тыйылды", - деп жауап берді президент.

Тоқаев облыстарға тек жұмыс бабымен баратынын айтты.

"Уақыт өте келе жергілікті жерлерде де осындай жұмыс дағдысы қалыптасатынына сенімдімін. Халықты жинап, қыруар қаржы шығындап, салтанатты шаралар ұйымдастыру біржола тоқтатылады", - деді ол.

Сондай-ақ президент журналистің жаңа 2024 жылды қалай қарсы алдыңыз деген сұрағына жауап берді.

"Жаңа жыл – әрине, күнтізбе­нің жаңа парағын ашатын маңызды меже. Осы сәтте өткен жылды қоры­тын­ды­лап, келешекке жоспар құру әдетке айналған. Бір жағынан, Жаңа жыл мен үшін қастерлі мереке емес. Оның үстіне, өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы", - деп жауап берді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2053665-toqaev-usaqtan-gulmen-qarsy-aluga-asta-tok-dastarqan-zayuga-tyiym-salgany-ras-pa/