Жоғарғы соттың төрт судьясы қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомСенат депутаттары палатаның жалпы отырысында Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметінен босатты деп, хабарлайды Kazinform.
Агенттік мәліметінше, Жоғарғы соттың судьялары – Ербол Исмаиловты, Ақылтай Қасымовты, Альфия Савинованы, Айгүл Сапарованы қызметінен босату ұсынысы бұған дейін сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне келіп түскен.
Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп аталған судьялардың неліктен қызметінен кетіп жатқанын баяндады.
"Альфия Савинова мен Айгүл Сапарова зейнет жасына жетті. Судья Ақылтай Қасымов судья лауазымында болудың шекті жасы – 67-ге жетіп отыр. Бәрінің судьялық жұмыста үлкен тәжірибесі, 26 жылдан 40 жылға дейін еңбек өтілі бар.
Судья Еобол Исмаилов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы болып тағайындалды", - деді ол.
Сенаторлар комитет ұсынысын мақұлдап, Жоғары соттың судьяларын қызметінен босатты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2054943-zogargy-sottyn-tort-sudyasy-qyzmetinen-bosatyldy/