Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парламент 430 қазақстандық бітімгерді БҰҰ миссиясын орындауға жіберуді мақұлдады

Жарияланған күні:

әскери шеру
Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад. Астана/2014 жылғы 7 мамыр. Фото: aqorda.kz

Қазақстан парламенті президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрт елге бітімгершілік әскерін жіберу туралы ұсынысын қолдады. Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дауыс беру қорытындысын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жария етті.

"Сенаттың қатысып отырған 47 депутатының 47-сі, мәжілістің қатысып отырған 90 депутатының 90-ы қолдап дауыс берді", - деді Қошанов.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан қарулы күштері контингентін жіберу туралы ұсынысын бүгін, 19 қаңтарда парламент палаталарының бірлескен отырысында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов оқып берген еді.

БҰҰ-ның ресми сайтында бітігрешілік ұғымына елдер арасындағы қақтығыстарды шектеу және реттеу үшін БҰҰ қолбасшылығымен көпұлтты күштерді қолдану деген анықтама берілген. Бітімгерлер соғысып жатқан тараптар арасындағы атысты тоқтату режимін орнату, сақтау және буферлік аймақ құру үшін нейтралды үшінші тарап ролін атқарады.

Сонымен қатар олар сайлау өткізуге және өлімге әкелетін миналарды залалсыздандыруға көмектеседі. Бітімгерлер жергілікті жерде бейбітшілікті қамтамасыз етіп жатқанда, БҰҰ делдалдары соғысушы тараптардың немесе елдердің басшылығымен кездесіп, бейбіт шешім табуға тырысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2056336-toqaevtyn-tort-elge-bitimgersilik-asker-ziberu-turaly-usynysyn-parlament-maquldady/