Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасын қабылдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбайды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Асхат Оразбай президентке қордың қызметі мен оның алдағы жылдары, яғни Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде атқаратын міндеттері жөнінде мәлімет берген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту қажет екенін атап өткен.
Соның ішінде Орталық Азиядағы су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану, Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын есептейтін, мониторинг жүргізетін, басқаратын және өзара бөлетін бірыңғай автоматтандырылған жүйені енгізу үшін ынтымақтастықтың өңірлік тетіктерін құру мәселелеріне баса назар аудару керек екенін айтқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2057100-toqaev-xalyqaralyq-araldy-qutqaru-qory-atqarusy-komitetinin-toragasyn-qabyldady/