Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев өнертабыстарды құқықтық қорғау саласына қатысты заңға қол қойды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтатуды ратификациялады. Бұл жөнінде Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысы "1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген ресми хабарламада.

Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісім мәтіні "Әділет" ақпараттық құқықтың жүйесінің сайтында жарияланған.

Келісімге КСРО-да жасалған құпия өнертабыстарды құқықтық қорғау қажеттiлiгiн негізге ала отырып қол қойылғаны жазылған.

Құжатқа сәйкес, тараптар құпия өнертабыстар туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге келіскен.

Қазақстаннан басқа келісімге Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина қол қойған.

Енді тиісті хаттамаға сай келісім тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2058093-toqaev-onertabystardy-quqyqtyq-qorgau-salasyndagy-zanga-qol-qoidy/