Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келеді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚырғызстан президенті Садыр Жапаров биыл Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомство баспасөз қызметі ақпаратынша, Қырғыз Республикасы президентінің Қазақстанға сапарына дайындық жүріп жатыр.
Айта кетейік, бүгін сыртқы істер министрі басшысы Мұрат Нұртілеуді Бішкекке ресми сапары барысында Садыр Жапаров қабылдады.
"Қырғызстан басшысы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, стратегиялық әріптестікті тереңдетуді, орнықты саяси диалогты дамытуды, сондай-ақ екі елдің екіжақты форматта да, халықаралық өңірлік ұйымдар шеңберінде де тиімді өзара іс-қимылын қанағаттанушылықпен атап өтті", - делінген хабарда.
Министр Қырғызстан басшысына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен жылы лебіздерін жеткізген.
Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сұхбаттасын қазақ-қырғыз қатынастарының өзекті жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары туралы хабардар етті. Тараптар одақтастық қатынастарды кеңейтуге өзара қызығушылық білдірген.
"Өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту және түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды", - делінген хабарда.
Сонымен бірге Қырғызстанның СІМ ресми сайтында Жапаровтың Қазақстанға 2024 жылы ресми сапармен келетіні жазылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2058105-qyrgyzstan-prezidenti-sadyr-zaparov-qazaqstanga-keledi/