Қызылорда облысына жаңа прокурор тағайындалды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының келісімі бойынша бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ризабек Кәрімұлы Ожаров Қызылорда облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ризабек Ожаров 1972 жылы дүниеге келген.
1996-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған.
2017-2019 жылдары Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымдарында болған.
2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарған.
"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен наградталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2058285-qyzylorda-oblysyna-zana-prokuror-tagaiyndaldy/