Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының әкімдігі Астанадағы коттеджді 118 миллион теңгеге сатпақ

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тұрғын үй
Тұрғын үй. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысының қаржы басқармасы Астанада орналасқан коттеджді саудаға шығарды. Жақында аукцион өткізіледі, бастапқы баға 118 млн теңгеден асады. Бұл лот жөнінде облыс әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хабарландыру Электронды сауда платформасында жарияланды. Онда Астанада 1990 жылы салынған 0,06 га жер телімі бар тұрғын үй сатылады деп көрсетілген.

Бағалау құны – 118 млн 268 мың теңге. Баланста ұстаушы – Алматы облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы. Сатушы – облыстық қаржы басқармасы.

Астанада сатуға қойылған коттедж
Коттедж. Фото: e-auction.gosreestr.kz

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне Астананың Есіл ауданында орналасқан ғимарат 1990 жылы салынған екі қабатты тұрғын үй екенін нақтылады. Коттедждің жалпы ауданы 197,7 шаршы метрге тең.

"Ғимарат Алматы облысы әкімдігінің Астана қаласындағы өкілдігі ретінде 90-жылдардан бері пайдаланылып келеді. Бұл ретте ғимараттың қалыпты жұмыс істеуі үшін жөндеу жұмыстары (гидроизоляция жұмыстары, жылу жүйесі, т.б.) қажет екенін айта кеткен жөн.

Осыған орай, ғимаратты ұстауға кететін шығынды азайту мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен жылжымайтын мүлікті аукцион түрінде сату арқылы жекешелендіру туралы шешім қабылданды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 3-тармағына сәйкес мүлікті бағалау жүргізілді. Нысанды сату бойынша сауда-саттық мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланды, сауда 2024 жылғы 6 ақпан сағат 11.00-ге белгіленген.

Әкімдік өкілдері ғимаратты сатудан түскен қаржы Алматы облысының кірісіне түсетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2058314-almaty-oblysynyn-akimdigi-astanadagy-kottedzdi-118-million-tengege-satpaq/