Зеленский Украина тарапының бастамасы бойынша Тоқаевқа қоңырау шалды
Жарияланған күні:
Украина тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Президент баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, әңгімелесу барысында Украина президенті Қазақстанның қоғамдық ұйымдары арқылы еліне көрсетілген гуманитарлық көмегі үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ таяуда Давоста (Швейцария) 80-нен астам елдің өкілдері қатысқан "бейбітшілік формуласы" атты кездесудің қорытындысы және Швейцарияда өтетін кезекті жаһандық саммитке дайындық барысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2058919-ukrainanyn-bastamasy-boiynsa-toqaev-zelenskiimen-telefon-arqyly-soilesti/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде