Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қажетті инвестиция салынбайды":Тоқаев қазіргі өндіріс орындарын түбегейлі жаңғырту керектігін айтты

Жарияланған күні:

Үкіметтің кеңейтілген отырысы
Үкіметтің кеңейтілген отырысы. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздегі өндірістің баяу дамуына тоқталып, бұл салаға тың серпін беру қажеттігін жеткізді , деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Баршаға түсінікті және тиімді индустрия саясатын жүргізу үшін былтыр жеке министрлік құрылды. Содан бері біраз уақыт өтті, енді жұмыстың нәтижесін көрсету керек.

Министрлік саланың даму бағдарын анықтап, инвесторларға жол көрсетуі керек. Озық технологияны қолданатын жаңа өндірістер ашу қажет. Алайда, нақты шаралар мен әдіс-тәсілдер дайын емес.

Өндірістің дамуына серпін беретін жобалардың тізімі бар, дегенмен, бұл жұмыс та толық аяқталмаған. Бұл өндірістер экономика құрылымын өзгертуге, еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалауға және технологиялық өсімді қамтамасыз етуге тиіс. Әзірге мұның ешқайсысы іске асқан жоқ", - деді мемлекет басшысы.

Президент көптеген жобаны қаржыландыру көздері айқындалмағанын айтты.

"Мемлекет болашақта еліміздің экономикалық өркендеуіне негіз болатын ауқымды әрі инновациялық жобаларды бірінші кезекте қолдауы қажет. Осы тұста, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртумен қатар, еліміз үшін мүлде жаңа өндіріс орындарын ашуға баса мән беру керек»

Үкімет халықаралық қаржы институттарымен, трансұлттық корпорациялармен және отандық кәсіпкерлермен арадағы сындарлы диалогты нығайта түсуі қажет. Жалпы, еліміздің болашақтағы индустриялық келбеті қандай болады, қандай кәсіпорындар маңызды рөл атқарады деген сауалдарға жауап болуға тиіс. Яғни, уақыттың талабына сай белсенді жұмыс істеу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшының айтуынша, келесі маңызды міндет бұл – қазіргі өндіріс орындарын түбегейлі жаңғырту мәселесі.

"Бұл жұмысты, ең алдымен, әбден тозған металлургия комбинаттарынан бастау керек. Өйткені, ондағы жағдай өте нашар деуге болады. Себеп – бәрімізге белгілі. Өндірісті дамытуға және жаңғыртуға қажетті инвестиция салынбайды. Соның салдарынан дайын өнімнің қосылған құны төмендейді, сапалы жұмыс орындары азаяды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059609-qazetti-investiciya-salynbaidytoqaev-qazirgi-ondiris-oryndaryn-tubegeili-zangyrtu-kerektigin-aitty/