Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зейнетақы активтерін тек нарық талабына сай қолдану керек": Тоқаев үкімет пен Ұлттық банк бірлесе жұмыс істеу керегін айтты

Жарияланған күні:

Зейнетақы
Көзілдірік, теңге мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық айналымға түсетін зейнетақы активтерін тек қана нарық талаптарына сай қолдану керегін айтты. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекет басшысының сөзінше, қажет болған жағдайда үкімет бірыңғай зейнетақы салымдары есебінен жүзеге асатын жобалардың пайыздық өсімін субсидиялауға тиіс.

"Экономикалық айналымға түсетін зейнетақы активтерін тек қана нарық талаптарына сай қолдану керек. Бұл мәселеде салымшылар алдындағы жауапкершілік өте жоғары. Қажет болса, Үкімет бірыңғай зейнетақы салымдары есебінен жүзеге асырылатын жобалардың пайыздық өсімін субсидиялауға тиіс.

Осы маңызды жұмысқа квазимемлекеттік құрылымдар сияқты делдалдарды қолдан жасаудың қажеті жоқ. Мұндай жағдай бұрын талай рет болған. Бұл іске тиісті сараптама жасай алатын және қажетті инфрақұрылымы бар екінші деңгейдегі банктерді белсенді түрде тарту керек.

Банктерді экономиканың нақты секторына қаржы құюға ынталандыру керек.

Үкімет пен Ұлттық банк өзара тығыз ынтымақтасып, бұл жұмысты бірлесе жүргізуге тиіс. Жалпы Ұлттық банк инфляция үдерісі мен экономиканың өсімін бақылап отыруды көздейтін тиімді жалпымемлекеттік саясатты ұстануы керек", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059612-zeinetaqy-aktivterin-tek-naryq-talabyna-sai-qoldanu-kerek-toqaev-ukimet-pen-ulttyq-bankke-birlese-zumys-isteudi-tapsyrdy/