Тоқаев Сингапурмен инвестициялар туралы келісімді ратификациялады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 7 ақпанда Сингапурмен инвестициялар туралы келісімді ратификациялады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
ҚР Парламенті сайтындағы ақпарат бойынша, келісім негізінен инвесторлардың инвестициялық қызметі кезінде олардың құқықтарының кепілдіктерін бекіту арқылы ынтымақтастыққа арналған құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді.
Бұл заңды қабылдау инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді және елдер арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететіні айтылған.
Осы келісімді ратификациялау туралы заңды палата биыл 25 қаңтарда мақұлдаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059728-toqaev-singapurmen-investiciyalar-turaly-kelisimdi-ratifikaciyalady/