Ербол Әліқұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Ербол Әліқұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ербол Әліқұлов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Б. Момышұлы атындағы "Кәусар бұлақ" республикалық қайырымдылық қоры директорының орынбасары болып бастаған.
1998-2002 жылдары жеке компанияда жұмыс істеді.
2002-2005 жылдары — Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, әкім орынбасары.
2006-2009 жылдары — Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің көмекші-кеңесшісі, әкім орынбасары.
2009-2013 жылдары — Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі.
2013-2014 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2014-2017 жылдары — Алматы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысы.
2017 жылы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болды.
2017-2022 жылдары — ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2022-2023 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2023 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059741-erbol-aliqulov-madeniet-zane-aqparat-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/