Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан тұңғыш рет әлемдегі "орта державалар" қатарына енді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қазақстан туы
Қазақстан туы. Фото: pixabay.com

Неміс ғалымдары Қазақстанды жаһандық саяси және экономикалық аренада маңызды рөл атқаратын елдердің қатарына қосты. Бұл туралы Sayasat.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Германиядағы "Ғылым және саясат қоры" (SWP) ғылыми-талдау орталығы "Орта державалар – халықаралық саясаттағы маңызды акторлар" атты мақалалар жинағын басып шығарды.

"Орта державалар" деген жаһандық саяси және экономикалық аренада маңызды рөл атқаратын елдерді білдіреді. Мысалы, оларға Түркия, Израиль және Үндістан кіреді. Бұл тізімге Қазақстан алғаш рет еніп отыр.

SWP сарапшыларының пікірінше, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында Орталық Азия мемлекеттерінің арасында айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл оны аймақтағы негізгі ойыншыға айналдырады.

"Бастапқы кезеңде Қазақстан халықаралық саясаттағы өз амбициясын іске асыра алды. Ел Еуропадағы ЕҚЫҰ-ға, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті және Сириядағы қақтығыста делдал болды", - делінген мақалалар жинағында.

Украинадағы қақтығыс Қазақстанға әртараптандыру тұрғысынан жаңа серпін берді. Жаңа көлік бағыттары салынып, жаңартылатын энергия көздері мен өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылуда.

"Ел Қытайдың "Жібек жолына" ғана емес, сонымен бірге "Шығыс пен Батыс арасындағы көпір" рөлін алға тарта отырып, ЕО-ның "Жаһандық қақпалар" стратегиясына да иек артып отыр", - дейді зерттеушілер.

Олар сондай-ақ Қазақстан ЕО елдерінің ақпараттық күн тәртібінде жаңа экономикалық және саяси серіктес ретінде ғана емес, инвестиция алаңы ретінде де жиірек көрінеді деп есептейді.

Еске салайық, 2023 жылдың мамырында белгілі саясаттанушы Харун Карчич Қазақстанда "орта державаға" тән барлық сипаттамалар бар екенін мәлімдеген.

Ол әлемдік саясатта "орта державалар" экономикалық маңыздылықпен (көбіне энергетикалық ресурстарға байланысты), сондай-ақ ғалымдар "стандартты кәсіпкерлік" деп атайтын көзқараспен ассоциацияланатынын атап өтті.

Мұндай елдер өз ықпалын әскери күшпен емес, дипломатия арқылы жүргізеді. Соның ішінде жанжалдарды шешуге қатысу арқылы да.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060710-qazaqstan-tungys-ret-alemdegi-orta-derzavalar-qataryna-endi/