Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор Сәтбаев қаласының әкімі ұсталғанын растады

Жарияланған күні:

Шапағат Әубәкір
Шапағат Әубәкір. Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір ұсталғанын растады. Бұл туралы ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Сәтбаев қаласы әкімі ұсталғаны хабарланған еді. Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі - "Айтарлықтай мөлшерде пара алу". Бұл қылмыстың жазасы - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.

Еске салайық, Шапағат Әубәкір 2023 жылдың қаңтарында қала әкімі қызметіне тағайындалған. Ұлытау облысы әкімдігінің мәліметінше, Шапағат Әубәкір Сәтпаев қаласының әкімі қызметіне президент әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындалған.

  • Шапағат Әубәкір 1983 жылы туған.
  • 2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
  • "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі, "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімінің" басшысы лауазымдарын атқарды.
  • 2021 жылдың қазан айынан бастап, қала басшысы қызметіне тағайындалғанға дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060916-antikor-satbaev-qalasynyn-akimi-ustalganyn-rastady/