Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары өз еркімен қызметінен кетті
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова қызметінен өз еркімен кетуге шешім шығарғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бұлбұл Елеусінова қызметінен өз еркімен кететіні туралы Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді.
"Бүгіннен бастап Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметінен жеке арызымның негізінде босағанымды хабарлаймын. Мемлекеттік қызмет - мен үшін ерекше тәжірибе болды.
Жұмыс барысында қолдау көрсеткен әрбір басшыма, әріптестеріме, аға буын ағалар мен апаларыма, қоғам белсенділеріне, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне, үкіметтік емес ұйым басшыларына, жанашыр достарыма ризашылығымды білдіремін", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2061837-aqtobe-oblysy-akiminin-orynbasary-oz-erkimen-qyzmetinen-ketti/