Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мемлекеттік қызметте "командамен көшу" үрдісі әлі тыйылмай отырғанын сынға алды

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысып, жас мамандарды мемлекеттік қызметке бейімдеу үшін Тәлімгерлік институтын жандандыру мәселесіне баса назар аударды, деп хабарлайды Ақорда.

Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жас мамандарды мемлекеттік қызметке бейімдеу үшін Тәлімгерлік институтын жандандыру мәселесіне баса назар аударды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметте "командамен көшу" үрдісі әлі тыйылмай отырғанын сынға алды. Осыған орай Президент әкімшілігіне, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке бұл мәселені қатаң бақылауға алуды, мұндай әрекеттерге батыл тосқауыл қоюды тапсырды.

"Жалпы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке заң жүзінде қосымша құзырет беру қажет деп санаймын. Олар еліміздегі кадр саясатына конструктивті тұрғыдан ықпал ете алуға тиіс. Әрине, бұл Агенттік басшылығына айрықша жауапкершілік жүктейді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2061990-toqaev-memlekettik-qyzmette-komandamen-kosu-urdisi-ali-tyiylmai-otyrganyn-synga-aldy/