Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында киелі жерде отырыс жасаған әкім мен оның қарамағындағылар жазаға тартылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сержан Иманқұлов
Сержан Иманқұлов. Фото: gov.kz

Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкімі мен оның қарамағындағы бірнеше қызметкер Ғабдул Уахит хазірет кесенесі аумағында дастархан жайғаны үшін жазаланды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ғабдул Уахит хазірет кесенесі аумағында туризмді дамыту бойынша жиын 2024 жылғы 5 қаңтарда өткен.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі жұмыс кездесуі аяқталғаннан кейін киелі орынның қонақ бөлмесінде дастархан жайылғанын мәлімдеді.

Желіде сол күні түсірілген видео тарады. Видеода шенеуніктерге арнап дастархан жайылғанын көруге болады.

Кейін бұл факт бойынша тексеру жүргізілгені мәлім болды.

"Аудан әкімдігі қызметкерлерінің 2024 жылғы 5 қаңтарда сағат 9.13-тен бастап жұмыс уақытында дастархан дайындау (тамақ жеткізу, тамақ әзірлеу) фактілері расталды, бұл қызметтік тәртіпті бұзу болып саналады.

Осы факт бойынша Шарбақты ауданының әкімі Иманқұлов, аудан әкімінің орынбасары Неғманов және аудан әкімі аппаратының басшысы Жәкішев тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Әкімдік өкілдері отырысқа қатысқаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар қатарында ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы, Орлов ауылдық округінің әкімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қоса тартылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2063494-pavlodar-oblysynda-kieli-zerde-otyrys-zasagan-akim-men-onyn-qaramagyndagylar-zazaga-tartyldy/