Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ресей мен Өзбекстанға барады
Жарияланған күні:
Наурыз айында үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Ресей Федерациясы мен Өзбекстан республикасына жұмыс сапарлары жоспарланған. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Мәскеуде Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Тараптар екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды.
Ташкентте Олжас Бектенов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны дамыту перспективаларын талқыламақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2064193-premer-ministr-olzas-bektenov-zumys-saparymen-resei-men-ozbekstanga-barady/