Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрлан Ноғаев
Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрлан Ноғаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.

"Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған.

Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған", - делінген хабарламада.

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2064413-prezident-mangystau-oblysynyn-akimi-nurlan-nogaevty-qabyldady/