"Екі халық үшін екі мемлекет": СІМ Газа секторындағы жағдайға қатысты Қазақстан ұстанымын айтты
Жарияланған күні:
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Палестинадағы жағдайға арналған сессияда шетелдік әріптестеріне Қазақстанның Палестина - Израиль дағдарысындағы ұстанымын айтты. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мұрат Нұртілеу Палестинадағы жағдайға арналған Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше сессиясына қатысты. Оған Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Иордания, Иран және басқа да мемлекеттердің сыртқы істер министрлері қатысты.
Сессия барысында олар Газа секторында тез арада атысты тоқтатуға және палестиналық-израильдік қақтығысты жылдамырақ шешуге шақырды.
Мұрат Нұртілеу Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен KazAID агенттігінің мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.
"Министр Қазақстанның өзгермеген ұстанымын растады, оған сәйкес ұзақ мерзімді қақтығыстың жалғыз шешімі 1967 жылғы шекарада БҰҰ бекіткен "екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде Палестина мемлекетін құру", - делінген хабарда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2064740-eki-xalyq-usin-eki-memleket-sim-gaza-sektoryndagy-zagdaiga-qatysty-qazaqstan-ustanymyn-aitty/