Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина Қазақстанда жойғыштар мен бомбалаушыларға арналған компоненттерді сатып ала ма

Жарияланған күні:

Жойғыш ұшақ
Жойғыш ұшақ. Көрнекі сурет: JALAA MAREY/AFP via Getty Images

Telegram мессенджерінде "Укрспецэкспорт" МК Қазақстанмен УҚК қажеттіліктері үшін Астанадан ресейлік әскери өнімдер сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы жаңалық шықты. Бұл - фейк.

Stopfake.kz ресурсының фактчекерлері Telegram мессенджерінде таралған бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ресурс журналистерінің айтуынша, жалған ақпаратта бұл Су-24 және МиГ-29 ұшақтарына арналған ПГК-10 тежегіш парашют жүйелеріне қатысты компоненттер екені айтылған. Сол қауесетте Қазақстан астанасында тіркелген "Navico" ЖШС, "BSKey company", "ИГТ" ЖШС, "Сыздыков Т.С." ЖК компанияларымен байланыс байқалатыны айтылған. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тараған Қазақстан "Укрспецэкспорт" компаниясымен УҚК қажеттіліктері үшін ресейлік әскери өнімді сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын хабарлаймыз.

Мұндай инсинуациялар Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын қауесеттерге ден қоймауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз", – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2065136-ukraina-qazaqstanda-zoigystar-men-bombalausylarga-arnalgan-komponentterdi-satyp-ala-ma/