Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Әзербайжан президентімен келіссөз жүргізді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев. Фото: akorda.kz

Бакуге мемлекеттік сапармен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан президенті сайлауындағы айқын жеңісімен және биыл Бакуде СОР 29 саммитін өткізу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтады.

Президент Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастығының мазмұны байып, бірлескен ірі жобалармен толыға түскенін және қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалады.

Өз кезегінде Әзербайжан президенті Қазақстанмен арадағы бауырластық байланыстардың беки түскенін айтты.

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру, азық-түлік қауіпсіздігі және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар екі ел экономикасының дамуына тың серпін беретін инвестициялық жобаларды іске асыру перспективасы қарастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2066283-memleket-bassysy-azerbaizan-prezidentimen-kelissoz-zurgizdi/