Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Жарияланған күні:
Үкімет қаулысымен Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов 1974 жылы Семей облысында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищесін, Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америкалық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы жеке ұйымда бухгалтер болып бастаған.
1997-1998 жылдары Қаржы министрлігі Семей облысы және Өскемен қаласы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істеді.
2000 жылдан 2009 жылға дейін — жеке құрылымдарда еңбек етті.
2009-2010 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бас маманы, бөлім басшысы.
2010-2011 жылдары — Риддер қаласы әкімінің орынбасары.
2011-2012 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болып қызмет атқарды.
2013-2014 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
2016-2019 жылдары — басқарма басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2019-2020 жылдары — "Бәйтерек" ҰБХ басқарма төрағасының кеңесшісі.
2021-2022 жылдары жеке құрылымда жұмыс істеді.
2022-2023 жылдары — коммуналдық кәсіпорын директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты.
2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Абай облысы әкімдігі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2067069-serik-tolenbergenov-totense-zagdailar-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/