Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ильхам Әлиевпен бірге Әзербайжанның тағы бір қаласына барды (фото)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев. Фото: Ақорд

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға сапары Шуша қаласында жалғасты. Бұл қалаға президент Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевпен бірге барды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы арнасында.

Екі ел президенттері Қарабақ тау жотасының баурайында орналасқан қаланың бас жоспарымен танысты. Содан кейін олар аймақтың көрнекті жерлерін, оның ішінде орталық алаңды, "Саатлы" мешітін, тау қыратындағы "Джыдыр дюзю" алаңын, "Бюль-Бюль" мұражай-үйін, жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған фотокөрмені және тағы да басқа тарихи орындарды аралап көрді.

Шуша шаһары ежелден әзербайжан мәдениетінің алтын бесігі саналған. Қала заманында гүлденіп, поэзия, көркемөнер және сәулет өнері дамыған орталық болған.

Бүгінде мұнда инфрақұрылым салу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде бірнеше қонақ үй, музей және мешіттер бой көтерген. Тұрғын үйлер, білім беру мекемелері, әлеуметтік нысандар, шіркеулер салынып, жөнделуде. Сонымен қатар түрлі сала мамандарының қатысуымен нысандарды бағалау және түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2067075-toqaev-pen-ilxam-aliev-susa-qalasyna-bardy/