Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенаторлар Қазақстанда вейпке тыйым салатын заң жобасын мәжіліске қайтарды

Жарияланған күні:

Вейп
Вейп. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін парламент сенаты Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салатын заң жобасын мәжіліске қайтарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетейік, мұндай норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда қарастырылған.

Құжатты денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев таныстырды.

"Заң халықты сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету, пациенттердің мемлекет кепілдік берген құқықтарын іске асыру, медициналық мамандықтың мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында әзірленді", – деді ол.

Заң:

  • медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды қамтамасыз ету міндетін енгізуге;
  • медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік кепілдіктер белгілеу, медициналық кәсіптің мәртебесі мен тартымдылығын арттыруға;
  • вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салуды белгілеу, сондай-ақ шегілмейтін темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекі өнімдерін, кальян темекілерін, кальян қоспаларын, темекіні қыздыру жүйелерін, электронды тұтыну жүйелерін (вайптер), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды жарнамалауға тыйым салуға;
  • медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін ізгілендіруге бағытталған.

"Комитет заңның жекелеген баптарын мақұлдамауды және заңның көрсетілген баптарының жаңа редакциясын ұсына отырып, заңды мәжіліске қайтаруды ұсынып отыр. Салыстырмалы кестеде үш түзету бар. Бұл түзетулерге қарсылықтар бар ма? Ендеше мәселе дауысқа салынады.(депутаттар "жақтап" дауыс берді – ред. ескертпесі)

Шешім қабылданды, жекелеген баптар мақұлданған жоқ, заң осы баптардың жаңа редакциясында мәжіліске қайтарылады", – деді cенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2068176-senatorlar-qazaqstanda-veipke-tyiym-salatyn-zan-zobasyn-maziliske-qaitardy/