Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Созылып барады": Бектенов әзірленіп жатқан жаңа Салық кодексін жедел аяқтауды тапсырды

Жарияланған күні:

Олжас Бектенов үкімет отырысында
Олжас Бектенов үкімет отырысында. Фото: gov.kz

19 наурызда өткен үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Салық кодексін әзірлеу созылып бара жатқанын айтып, жедел аяқтауды тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Үкімет отырысында салықтық және кедендік әкімшілендіру, олардың цифрлардыру мәселелері туралы айтылды.

"Үкімет алдында салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру бағытында маңызды міндет тұр. Осы мақсатқа жетудің ең оңтайлы жолы – барлық процесті барынша цифрландыру. Жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Оған қойылатын талап өте қатаң. Бұған дейін ұсынылған тәсілдерге қатысты орынды сын айтылған болатын. Бизнес пен қоғам бұл құжаттан оң өзгерістер күтуде. Ең бастысы, ол ашық, бәріне түсінікті және үйлесімді болуы керек. Алайда кодексті әзірлеу созылып барады", - деді үкімет басшысы.

Премьер-министр бұл жұмысты жедел аяқтауды тапсырды.

"Жаңа кодексте азаматтардың мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы мен әрекетсіздігіне, қосылған құн салығын қайтаруды кешіктіруге, мәмілелерді жарамсыз деп тануға және тағы басқа мәселелерге қатысты арыз-шағымдарын ескеру керек. Әкімшілендірудің сервистік моделіне назар аудару қажет", - деді Олжас Бектенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2070756-sozylyp-barady-bektenov-azirlenip-zatqan-zana-salyq-kodeksin-zedel-ayaqtaudy-tapsyrdy/