Президент Жәмила Серкебаеваны қабылдап, Алматының мәдени өмірі жайлы сөйлесті
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Серкебаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Кездесу барысында Алматының мәдени өмірі жайында сөз қозғалып, Қазақстандағы классикалық музыканы дамыту перспективасы қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жәмила Серкебаеваның таланты мен кәсібилігін жоғары бағалап, оның елімізді ғана емес, шетелді де мойындатқанын атап өтті.
Жәмила Серкебаева музыка өнеріне қолдау көрсеткені үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, еліміздегі музыкалық инфрақұрылымды жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары барысында бірқатар кездесу өткізді.
Президент алдымен Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, оңтүстік астаның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде сөйлесті.
Сонымен қатар мемлекет басшысы сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевпен кездесті.
Оған қоса Тоқаев "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуованы қабылдады. Кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2072016-prezident-zamila-serkebaevany-qabyldap-almatynyn-madeni-omiri-zaily-soilesti/