Тоқаев осы аптада Қытайға жұмыс сапарымен барады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорда ақпаратынша, президент Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады
Сапар аясында Қазақстан президенті ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2073921-toqaev-qytai-xalyq-respublikasyna-zumys-saparymen-barady/