Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстандағы және шетелдегі тұрғын үйлер": Қазақстанға заңсыз иемденілген қандай активтердің қайтарылатыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы
Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы. Фото: primeminister.kz

Бүгін, 29 наурызда үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Комиссия отырысы жаңартылған құрамда өткен. Комиссияның жаңартылған құрамына "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ президенті Бану Ғаниқызы Нұрғазиева мен парламент мәжілісінің депутаты Марат Советұлы Бәшімов кірген.

Отырыс қорытындысына сәйкес, комиссия келесідей шешімдер қабылдаған. Жалпы көлемі 85 млрд теңгеден асатын заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы бірқатар келісім мақұлданған. Мемлекетке қайтару жоспарланып отырған активтердің қатарында Қазақстандағы және шетелдегі тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, ақшалай қаражат, компаниялардағы үлестер, қымбат зергерлік бұйымдар, 10 мың гектардан астам жер бар.

Сонымен қатар бұрын мемлекеттен "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң (бұдан әрі - Заң) субъектілерінің бірінің бақылауына заңсыз өткен құны 10 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын пайда болуы түсініксіз кәсіпорынды актив ретінде мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз енгізу мақұлданған.

Комиссия шешімімен Заң субъектілерінің тізілімі екі жаңа тұлғамен толықтырылған, оларға қатысты Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті тиісті іс-шаралар қабылдайды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі жұмыстар күшейтіледі. Бұл ретте бизнеске қысым жасауға жол берілмейді. Мемлекетке қайтарылған барлық актив әлеуметтік пайдалы мақсаттарға бағытталатын болады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Комиссияның жұмысы жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2075643-olzas-bektenov-aktivterdi-qaitaru-maseleleri-zonindegi-komissiya-otyrysyn-otkizdi/