Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-министр Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әлібек Қуантыров
Әлібек Қуантыров. Фото: primeminister.kz

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа қызметке ие болды. Ол KazEnergy компаниясының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Мұнай және газ кеңесіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін Әлібек Қуантыров ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.

2005-2010 жылдары — экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жылдары — қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.

2013 жылы — индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2019 жылдары — президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2019-2021 жылдары — тұңғыш президенті – Елбасы кеңсесінің ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2021-2022 жылдары — ұлттық экономика вице-министрі қызметтерін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2076660-uem-buryngy-bassysy-alibek-quantyrov-kazenergy-bas-direktory-boldy/