Қонаев әкімі отставкаға өтініш берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев жаңа жұмысқа ауысуына байланысты отставкаға өтініш берді. Бұл туралы ақпаратты KAZ.NUR.KZ тілшісіне қала әкімдігі растады.
"Нұрлан Құматаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты отставкаға өтініш берді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекованың айтуынша, Нұрлан Құматаев 28 наурызда қызметінен өз еркімен кеткен.
Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев 1970 жылы 3 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Черноводск ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Сонымен қатар заңгер, экономист.
2000 жылы Алматы облысы Іле ауданы Жетыген ауылының әкімінің орынбасары болды.
2002-2003 жылдары аралығында Іле ауданы әкімінің аппаратында ауыл шаруашылық тұрғын үй бөлімінде бас маман болған.
2003 - 2004 жылдары аралығында Байсерке ауылында әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2004-2005 жылдары аралығында Іле ауданы әкімінің аппаратында кіші және ірі бизнес бөлімінің басшысының қызметін атқарған.
2005-2016 жылдар аралығында Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болған.
2016-2020 жылдар аралығында Іле ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
2020 жылғы 25 мамырдан Қапшағай қаласының әкімі болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2079092-qonaev-akimi-otstavkaga-otinis-berdi/