Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуі туралы ақпаратқа пікір білдірді

Жарияланған күні:

Қайрат Шәріпбаев
Қайрат Шәріпбаев. Фото: kaztransgas.kz

Бас прокуратура Қайрат Шәріпбаевқа қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл жөнінде ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның ресми сайтында жарияланған ақпаратта сүйенсек, 5 сәуірле БАҚ-та "Бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуімен байланысты БО бойынша қылмыстық істі тоқтатты" деген мақала жарияланған.

"Шәріпбаевқа қатысты тергеу жүргізуге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақала шындыққа жанаспайды.

Шынында да 3 сәуірде Бас прокуратура "QazaqGaz" ҰК" АҚ (бұдан әрі - АҚ) басшылығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты "Бәйтерек SA" ЖШС мүддесінде лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты.

Алайда бұл қылмыстық іс "ҚазТрансГаз Өнімдері" АҚ және ЖШС (АҚ еншілес ұйымы) қолданыстағы басшылығына қатысты тергелді", - делінген хабарламада.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, осы сотқа дейінгі тергеу аясында АҚ бұрынғы басшысы Шәріпбаевтың қатысуы тексерілмеген, өйткені тексеру кезеңі 2022 жылдан 2023 жылға дейін, яғни "Болашақ" БО ғимаратын мемлекеттік меншікке бергеннен кейін болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2079902-bas-prokuratura-dariga-nazarbaevanyn-kuieui-turaly-aqparatqa-pikir-bildirdi/