Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының өзара сапарларының шарттары туралы заңға қол қойды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының өзара сапарларының шарттары туралы заңға қол қойды. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекет басшысы "2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2080001-toqaev-zanga-qol-qoidy/