Тоқаев Путинмен су тасқынын талқылады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы арнасы хабарлады.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және даму перспективасын талқылады.
Президенттер шекара маңындағы өңірлерде болған су тасқыны жағдайын талқылап, екі ел үкіметтеріне табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайтуды тапсырды.
Тараптар екі елдің қарым-қатынастары дәстүрлі түрде әрі стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2081591-toqaev-putinmen-su-tasqynyn-talqylady/