Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев Алматы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады

Жарияланған күні:

Батырхан Сүлейменов
Батырхан Сүлейменов. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Батырхан Сүлейменов пен Нұрлан Нұрғабыловты екі басқарма басшысының міндетін атқарушы етіп тағайындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік ақпаратынша, Алматы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымын міндетін уақытша атқарушы болып Батырхан Сүлейменов тағайындалды.

Батырхан Сүлейменов 1992 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 2015 жылы Ұлыбританияның Кардифф Метрополитан университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2017 жылы құрылыс компаниясында бас директор болып жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары болған.

Нұрлан Нұрғабылов
Нұрлан Нұрғабылов. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен бірге Алматы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы лауазымына Нұрлан Нұрғабылов тағайындалды.

Нұрлан Нұрғабылов 1988 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы бойынша University of Dundee (Ұлыбритания) бітіріп, құқық магистрі біліктілігін алды.

Еңбек жолын 2008 жылы Macleod Dixon LLP компаниясының Алматы филиалында бастаған. Астанадағы "Қазақстан Республикасы үкіметінің жанындағы Ұлттық талдау орталығы" АҚ Экономикалық стратегиялар департаментінде сарапшы-талдаушы болып жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары – Әділет министрлігі мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің бас сарапшысы.

2023 жылғы маусымнан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2085251-dosaev-almaty-akimdiginde-kadrlyq-auys-tuiis-zasady/