Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Атырау қаласы әкімі қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады

Жарияланған күні:

Шәкір Кейкин
Шәкір Кейкин. Фото: t.me/oper_shtab_atyrau

Әлеуметтік желіде Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Облыстық жедел штаб бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ТЖ жөніндегі жедел штабтың жалған аккаунтында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты.

Облыстық жебел штаб өкілдері ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Атырау қаласының әкімі жедел штабтың отырысына қатысып, қаладағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасаған.

"Төтенше жағдай режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін тағы да еске саламыз. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолдану үшін Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған парақша иесін іздеумен айналысуда", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2088125-zelide-atyrau-qalasy-akiminin-qaitys-bolgany-turaly-aqparat-taratqan-zalgan-paraqsa-iesi-izdestirilip-zatyr/