"Біз бен басқа бір держава арасында таңдау жасауды сұрамаймыз": Кэмерон қос ел қарым-қатынасы туралы айтты
Жарияланған күні:
Ұлыбритания СІМ басшысы бүгін Астанаға келді. Әріптесі Мұрат Нұртілеумен кездесу барысында ол Қазақстан-Ұлыбритания қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Мен осы аптада Орталық Азиядағы республикаға сапарым туралы кеңірек түсініктеме бергім келеді. Бұл арқылы біз Қазақстанға немесе кез келген басқа елге таңдау жасауы керегін айтпаймыз, біз серіктестік пен сауда жөнінде Ресей немесе Қытаймен, әлде басқа елдің арасында таңдау жаса деп айтпаймыз. Біз сіздерде бізбен серіктестікті біздің жалпы қауіпсіздігімізге де, жалпы өркендеуімізге де оң әсер ететін жолмен таңдау мүмкіндігі болуы керек деп санағаннан осында келіп отырмыз", - деді Кэмерон.
СІМ басшысы Ұлыбритания Қазақстанға түрлі салада серіктес болғысы келетінін айтты.
"Біз атап өткендей, сіздер Ресеймен, Қытаймен, Иранмен және Ауғанстанмен көршілес өмірлік маңызды аймақтасыздар. Мұнда біз айтқан көптеген жаһандық сын-қатер бар. Біз үшін Ұлыбританияның осында болуы және елдеріңізде білім беруді дамытудағы серіктес, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі серіктес, бизнесті дамытудағы серіктес, жастарға сіздердің елде өзін-өзі дамытуының жаңа мүмкіндіктерін ұсынудағы серіктес болғысы келетінін айтуымыз маңызды.
Біз сіздерден біз бен басқа держава арасында таңдау жасауды сұрамаймыз. Біздің айтарымыз: біз сіздерде таңдау болуы үшін осындамыз. Дәл осы пейілмен келдік және дәл осы кездесулерді өткізіп жатқандағы себебіміз осы. Әрине, мен 11 жыл бұрын келген Қазақстан жағдайында бұл күн тәртібінде көп нәрсе жасалды, бірақ жақсылықтың бәрі алда екеніне сенімдімін", - деп түйіндеді СІМ басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Дэвид Кэмерон Астанаға ұшып келгенін хабарлаған едік.
Кэмеронның президент Тоқаевпен де кездескенін жазғанбыз. Сол кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға сапары екіжақты қатынастарды дамытуға тың серпін беру тұрғысынан мәні зор екенін айтқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2090645-biz-ben-basqa-bir-derzhava-arasynda-tangdau-zhasaudy-suramaimyz-kemeron-qazaqstan-men-ulybritaniia-qarym-qatynasy-turaly-aitty/