Қанат Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды
Жарияланған күні:
Қанат Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда.
Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды.
"Юрист" ақпараты бойынша, Қанат Нұров 1967 жылы Алматыда дүниеге келген. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) "Тарих" мамандығы бойынша бітірген. Кітаптар мен түрлі мақалалардың авторы.
- 2000 жылдан 2006 жылға дейін – "Қазақтелеком" АҚ вице-президенті, бас қаржы директоры.
- 2006 жылдан 2007 жылға дейін – "Казкоммерцбанк" АҚ басқарушы директоры.
- 2021 жылға дейін – "Plankion Group" және "Аспандау" ғылыми-білім беру қорының президенті.
- 2021 жылдан 2023 жылға дейін – жетінші шақырылымдағы мәжіліс депутаты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2091281-qanat-nurov-qazaqstan-kasipkerlerining-quqyqtaryn-qorgau-zhonindegi-uakil-lauazymyna-tagaiyndaldy/