Тоқаев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.
Кездесу барысында президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2093810-prezident-kasipkerlerding-quqyqtaryn-qorgau-zhonindegi-uakil-qanat-nurovty-qabyldady/