Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа партия қашан пайда болады: Әділет министрлігінің өкілі жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ер адамдар қол алысып тұр
Қол алысу. Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Қазақстанда саяси партияны тіркеу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер жаңа Yntymaq саяси партиясы қашан тіркелетінін сұрады.

"4 мамырда Әділет министрлігі Yntymaq саяси партиясын құру туралы хабарлама қабылданғанын растау құжатын берді.

11 мамырда осы партияның құрылтай съезі өтті. Заңға сәйкес, төрт ай ішінде съезд өткеннен кейін құжаттар мемлекеттік тіркеуге ұсынылады деп күтіп отырмыз", - деп жауап берді Ботагөз Жақселекова.

Содан соң, оның айтуынша, Әділет министрлігі заңда белгіленген тәртіппен құжаттарды тексереді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2102342-qazaqstanda-zhanga-partiia-qashan-paida-bolady-adilet-ministrligining-okili-zhauap-berdi/